Талдықорғанда жастар қарияларға көмектесуде - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Талдықорғанда жастар қарияларға көмектесуде

05.02.2025

Талдықорғанда «Таза Қазақстан» жалпыұлттық акция аясында жастар қаладағы жалғызілікті қариялар мен көпбалалы аналардың ауласындағы қарды жинап берді. Өңір еріктілерінен құралған топ ізгілік пен мейірімділікке бастайтын шараға белсенді қатысып, түске дейін бес үйдің қарын күреді. Биыл Жеңістің 80 жылдығы аясында соғыс ардагерлері мен оларға теңестірілгендер, тыл еңбеккерлері мен ардагер жесірлері де назардан тыс қалмақ емес. Жастар оларды қамқорлығына алып, күнделікті тұрмыс-тіршілігіне көмектесіп, қарайласып тұрмақ. Ауласы ақ ұлпадан тазарып, жұмысы жеңілдеп қалған қариялар болса, еріктілерге алғысын жаудырып, батасын беріп, ризашылықтарын білдірді.

София Гвоздикова, зейнеткер:

Ең бастысы - жастарға денсаулық тілеймін. Біз де жас болдық. Денсаулықтың арқасында 40 жыл құрылыс саласында еңбек еттім. Осылай жұмыс істедім. Қазір қартайдық. Денсаулық сыр бере бастады. Балаларға көп рахмет айтам. Аман болсын!

Қуаныш Қанатұлы

Хабарламаларға жазылу