Семейде Алаш қозғалысының 100 жылдығы аясында қоғам және мемлекет қайраткері Әлихан Бөкейхановқа ескерткіш орнатылды. Тарихи тұлға қазақ елін бодандықтың бұғауынан босатып, тұғырлы мемлекет құруды мақсат етті. Сол асыл арман – бүгінгі Тәуелсіз Қазақстан, - дейді ғалымдар. Сондықтан, кезінде Алаштың астанасы болған Семейдегі игі қадам өткенді саралап, тарихты танып-білуге ықпал етпек.
Шаһардың оң жақ бөлігінен орын тепкен сәулет нысаны байқауға қатысқан 4 жобаның ішінен үздік шыққаны. Авторы - Қазақстан Суретшілер Одағының мүшесі Бақытбек Мұхаметжанов. Таза қоладан жасалған мүсіннің биіктігі тұғырымен қосқанда 5 метрден асады.
Дарын САҒИТОВ