Батыр тұрған үйге ескерткіш тақта орнатылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Батыр тұрған үйге ескерткіш тақта орнатылды

10.11.2015
Батыр тұрған үйге ескерткіш тақта орнатылды
Талғат Бигелдиновке арналған ескерткіш тақтаның ашылуына ардагерлер мен қала басшылары қатысты.

Алматыда Кеңес одағының батыры атағын екі рет иеленген даңқты ұшқыш Талғат Бигелдинов тұрған үйге ескерткіш тақта орнатылды.

Бір жыл бұрын дүниеден өткен II Дүниежүзілік соғыс ардагері, ұлтымыздың ұлы тұлғасына құрмет көрсетілді.

Ескерткіш тақтаның ашылуына ардагерлер мен қала басшылары қатысты. Көзін көрген замандастары естеліктер айтты.

Фашистік Германияның ұшқыштары біздің батыр тізгіндеген ұшақты «Қара ажал» деп атаған екен.

Мирас МҰҚАШ

Хабарламаларға жазылу