«Таңшолпан». Семейде Алаш қозғалысының 100 жылдығына орай Әлихан Бөкейхановқа ескерткіш орнатылды (ВИДЕО) - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Таңшолпан». Семейде Алаш қозғалысының 100 жылдығына орай Әлихан Бөкейхановқа ескерткіш орнатылды (ВИДЕО)

26.09.2017

Семейде Алаш қозғалысының 100 жылдығына орай мемлекет және қоғам қайраткері Әлихан Бөкейхановқа ескерткіш орнатылды. Осыған орай ескерткіштің авторы Бахытбек Мұхамеджанов бүгін студия қонағы болды.

«Ескерткіш халық көп жүретін жерге орналастырылды. Мүсін бос тұрмауы керек. Ол халық үшін, жастар үшін жұмыс жасауы керек.

Қазір басқа да мүсіндер жасап жатырмыз. Мен Қазақ ұлттық университетінде балаларға мүсін жасаудан  сабақ беремін. Алда өзге де  жобалар көп.

Қазіргі жастар оқу бітіре салып, ақша тапқысы келеді. Алайда, мүсін салу үлкен еңбекті қажет етеді. Қол еңбегі жүректен шығуы керек. «Жұмыс істеймін» деген адамға жұмыс бар.

Ескерткіштегі асыққа қатысты сұрақтар көп. Мен қазақ халқының болмысын асық арқылы бейнеледім. Біріншіден, қазақ мал шаруашылығымен айналысқан. Одан кейін асықпен ойнамаған бала жоқ.

Менің осы жерде Әлиханның баланың болашағы туралы ойлап тұрғанын көрсеткім келді. Екіншіден, шешім қабылдағанда, жол жүргенде, «асығың алшасынан түссін» деген жақсы сөз бар. Мұның мағынасы үлкен», - дейді қонақ.

Хабарламаларға жазылу