Жазушы: «Мағауинтану» ғылымын өз биігіне көтеру керек - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жазушы: «Мағауинтану» ғылымын өз биігіне көтеру керек

03.02.2025

«Мағауинтану» ғылымын өз биігіне көтеру керек. Бүгін Алматыда бас қосқан қаламгерлер осындай пікір білдірді. Халқына «Аласапыран», «Көк мұнар», «Көкбалақ», «Сарықазақ» сынды шығармалар сыйлаған жазушының шеберлігін талдау, бітім болмысын зерттеу қазақ әдебиетінің болашағы үшін қажет, - дейді зиялы қауым өкілдері. Осы тақырыпта дипломдық жұмыстар жазылып, докторлық диссертациялар қорғалуы тиіс. Себебі «Абайтану», «Әуезовтану» сынды «Мағауинтануда» жас буынның жазушылық машыққа тез төселіп, әдебиет көшінде өз сүрлеуін салуына көмектеседі.

Құдыретті қалам иесінің 85-жылдық мерейтойына арналған ғылыми-конференцияда ғалымның өзге де қырлары сөз болды.

Тұрысбек Сәукетай, жазушы:

Мұқаң енді өзі туралы да, өмір туралы да, тарих туралы да жетер жеріне жеткізіп айтып кетті. Соны біз екшеп, іріктеп, жүйелеп тану біздің алдағы уақыттағы мақсатымыз ғой деп ойлаймын.

Ернұр Медет

Хабарламаларға жазылу