Өскеменнің ауасын зерттеуге дрон қолданылуы мүмкін
Өскеменнің ауасына мониторинг жасауға 11 стационарлы және жылжымалы бір зертхана аздық етеді. Өйткені 11 ірі зауытпен қоса қалада ұсақ өндіріс те көбейіп келеді. Көмір жағатын 30 мыңға жуық жеке сектордағы үй мен автокөліктер де зиянды қалдықтар шығарады. Сондықтан жақында құрылған «Өскемен тынысы» экологиялық қоғамдық бюросының мүшелері қаланың эко-ахуалын бақылауда дрондарды да қолдану керек деген ұсыныс айтты. Экологтар бұл тәсіл өз нәтижесін береріне сенімді. Арнайы құрылғымен жабдықталған дрон бір мезетте Өскеменнің 11 аумағын түгел қамти алады.
Елена Березинская-Абилова, «Экология тынысы» жобалау кеңсесінің жетекшісі:
Біздің жобалуымыз бойынша дрондарды қолдану арқылы ауаны ластаушы нысандар туралы қазіргіден де ауқымды мәліметке қол жеткіземіз. Яғни күмәнді бейнежазбалармен әуре болмаймыз. Бұл аппарат тәулік бойы шынайы ақпарат береді. Әрине ол үшін бір-екі дрон аз болады. 11 аумақтық учаске бар болса, 11 дрон керек.
Олжас Керейхан
Автор
Олжас Керейхан
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Әлем чемпионаты: 3 боксшы жеңіске жетті
08.09.2025, 20:32

EXPO-2025: Қазақстан павильоны миллионыншы мейманын қарсы алды
08.09.2025, 20:29
Сарапшылар: Дамудың нақты бағыты айқындалды
08.09.2025, 20:21
Бір палаталы Парламенттік жүйе еліміздегі реформаларды жаңа деңгейге шығарады
08.09.2025, 20:09
Таразда жасанды интеллект суды үнемдеуге серпін береді
08.09.2025, 20:06
Парламенттік реформаға қатысты халық пікірі қандай?
08.09.2025, 20:04
Еліміз бойынша кәсіпкерлікті қолдауға 2,2 трлн теңге бөлу қарастырылған
08.09.2025, 20:00
Жұмысшы мамандарға лайықты жалақы төлеу қажет
08.09.2025, 20:00