Қостанайда 8 ауданға су тасқыны қаупі төнуі мүмкін
Көктемгі су тасқыны кезінде Қостанай облысының 8 ауданына қауіп төнуі мүмкін. «Қазгидромет» филиалының мамандары осындай болжам айтып отыр. Топырақтың тоңы биыл былтырғыдан 26 сантиметрге қалың. Бұл еріген қар суының жерге сіңбей, сай-салаға жайылуына әкеп соқтырады. Әсіресе Қарасу ауданында жағдай күрделі. Былтыр көктемде бұл аумақты 1 миллиард текше метр су басқан еді. Қазылған жасанды каналмен осы күнге дейін соның 10 проценті ғана өзенге ағызылған. Биыл Ресей жақтан да мол су келуі ықтимал.
Алмат Әбжанов, «Тобыл-Торғай бассейіндік инспекция» мекемесінің басшысы:
Ресей Федерациясының ақпараты бойынша Челябі облысының аумағында Тобыл бассейінің көптеген өзендерінің сулылығы қалыптыдан жоғары. Күзгі ылғал қорының соңғы өлшемі Тобыл өзені бассейініндегі метрлік қабаттағы топырақ жақсы ылғалданғанын көрсетті. Топырақтың метрлік қабатындағы ылғал қоры 106-140 мм құрады.
Дәуренбек Әбдібек
Автор
Дәуренбек Әбдібек
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Зеленский: Ел аумағына шетелдің мыңдаған жауынгері шоғырлануы мүмкін
05.09.2025, 20:24

«AFD»: Инвесторларға жол ашу
05.09.2025, 20:08
Президент мұнай-газ саласының қызметкерлерін кәсіби мерекесімен құттықтады
05.09.2025, 20:05
Мейіргерлер науқасты қабылдауға дайын ба?
05.09.2025, 20:00
БҚО-да газ өңдеу зауыты салынады
05.09.2025, 19:57
Президент Моңғолияның Ұлы Мемлекеттік Хуралының Төрағасымен кездесті
05.09.2025, 19:55
Мұнай өңдеу зауытының қуаттылығы екі есеге артады
05.09.2025, 19:51
Елордада 55 инвестициялық жоба іске асырылмақ
05.09.2025, 19:49