Елімізде бүгін автогаз бағасы өзгерді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елімізде бүгін автогаз бағасы өзгерді

01.02.2025

Бүгіннен бастап автогаз қымбаттады. Энергетика министрлігі бөлшек саудадағы, яғни автогаз құю станцияларында сатылатын сұйытылған мұнай газының бағасын бекітті. Ең жоғары баға – Астана, Алматы, Қарағанды қалалары мен Ақмола, Алматы, Шығыс Қазақстан, Қостанай, Жетісу, Абай, Ұлытау, Павлодар, Солтүстік Қазақстан облыстарында. Мұнда 1 литр газдың құны – 102 теңге. Бұған дейін бұл өңірлерде 82-89 тг аралығында саудаланған. Ал Шымкент қаласы, Жамбыл, Қызылорда, Түркістан облыстарында – 70-тен 90 теңгеге өсті. Төменгі баға Ақтөбе, Атырау, Батыс Қазақстан облыстарында. Онда сұйытылған газдың литрі 77 теңге деп бекітілді. Тек Маңғыстау облысында 59 теңгеден 65 теңгеге өзгерді. Ауыл-аймақтардағы газ құны сол өңірде бекітілген бағадан 5 теңгеге жоғары. 

Динара Жарқынбек 

Хабарламаларға жазылу