Елімізде газ қымбаттады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елімізде газ қымбаттады

25.04.2023

Елімізде жанармайдан кейін іле-шала газ қымбаттады. Бірақ барлық өңірде емес. 5 облыста. Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің тиісті бұйрығы күшіне енді. Оған сай автогаз құны Алматы қаласы мен Шығыс Қазақстан облысында 10 теңгеге, ал Абай, Алматы және Солтүстік Қазақстан облыстарында 5 теңгеге қымбаттады. Бағаның көтерілуіне көгілдір отынның тасымалына кететін шығынның артып, өзіндік құнының өсуі себеп болып отыр.

Досжан Маратұлы

Хабарламаларға жазылу