Қостанай облысында ардагерлерге көмектесу дәстүрге айналған - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы
Басты Жаңалықтар Қостанай облысында ардагерлерге көмектесу дәстүрге айналған

Қостанай облысында ардагерлерге көмектесу дәстүрге айналған

Қостанай облысының Лисаков қаласында жергілікті депутаттар мен белсенді жастар зейнеткерлердің ауласын қардан тазалады. Ардагерлерге көмек «Таза бейсенбі» акциясы аясында жүзеге асты. Жалпы жыл басынан бері Лисаков қаласында жалпыұлттық «Таза Қазақстан» акциясына 750 адам қатысқан. Мыңнан аса аула мен 6 саябақ қоқыстан тазартылған. Елдімекендерді көгалдандыру мақсатында мыңнан аса көшет отырғызылды.

Дәуренбек Әбдібек


Бөлісу