Алматыда белгілі журналист Жұмағали Ысмағұловтың тұрған үйіне ескерткіш тақта орнатылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматыда белгілі журналист Жұмағали Ысмағұловтың тұрған үйіне ескерткіш тақта орнатылды

15.09.2017

Алматыда белгілі журналист, жазушы-ғалым Жұмағали Ысмағұловтың есімін мәңгі есте қалдыру мақсатында қаламгердің тұрған үйіне ескерткіш тақта орнатылды. Салтанатты шараға көрнекті Мемлекет қайраткерінің туыстары мен бірге қызмет еткен әріптестері қатысты. Жиналғандар Жұмағалидың қазақ әдебиетінің өркендеуіне қосқан үлесін айтып, оның еңбек жолындағы белестерін сөз етті.

Жұмағали Ысмағұлов 1928 жылы 17 сәуірде Қостанай облысы Сарыкөл ауданы Соналы ауылында дүниеге келген. Жазушының «Маржан мен махаббат», «Адам мерейі», «20-30 жылдардағы қазақ әдебиеті» атты туындылары оқырманның ыстық ықыласына бөленген. Сондай-ақ, ғалымның 40-тан астам зерттеу еңбектері әлемдік ғылымда жоғары бағасын алған.

 

Нұрлан АСҚАРҰЛЫ

Хабарламаларға жазылу