Айыппұл салу – бюджет қаржысын көбейтудің амалы ма? - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Айыппұл салу – бюджет қаржысын көбейтудің амалы ма?

26.01.2025

Осы аптада «Қарағанды-Балқаш» тас жолында 19 көлік соқтығысып, ірі жол апаты болды. Екі адам зардап шеккен. Жақында Астана мен Шучье ортасында 95 көлік соқтығысқаны есте. Қанша адам әуре-сарсаңға түсті. Сақтандыру төлемін алу да оңай болмайды.

Қыстыгүні ауа райының қолайсыздығына қарамай жолға шығатын әдет бар. «Өтіп кетемін» дейтін ой. Бірақ ащы, дегенмен шындық - «өтіп кету» соңғы сапарға да өтіп кету болуы мүмкін. Сынған көліктің жыры - бір бөлек. Жаңа айтып тұрғанымыздай, жүйке жұқаратын процесс. Иә, боранды күні жолды жабу, жолды тазалау және алдын-ала ескерту бойынша кілтипандар бар. Кілтипан емес-ау, мәселелер бар. Дегенмен жолға шықпас бұрын тәуекелдерді таразылау деңгейі төмен. Рас, өте-мөте маңызды шаруа болады. Бірақ бәрінің шаруасы өте-мөте маңызды ма? Сонымен бірге «мені көре қалды ма, басқалар ше, тіпті «алдымен коррупцияға байланысты проблемаларды шешсін» деген түсінік қалыптасқан. Коррупцияны ауыздықтау аса маңызды екенін ешкім жоққа шығармайды. Журналистердің миында тұратын басты тақырыптың бірі.

Алайда бір жарқын мысал келтірейік: заңды бұзуға байланысты айыппұл мен айыппұлды 100 пайыз жоққа шығару пайымы. «Айыппұлдардың көлемі тым үлкен, адамдар Үкімет бюджет толтыру үшін халықтан осылай ақша жинайды деп есептейді, мен заң бұздым демейді» - осы пікір көп сұраққа жауап бергендей. Бұл күрделі тақырып. Бірақ талқылануы тиіс тақырып. Данияр Қайыртай сараптайды.

Данияр Қайыртай

Хабарламаларға жазылу