Қазақстанда оқып, АҚШ дипломын алудың тағы бір мүмкіндігі пайда болды. АҚШ-тың Чикаго қаласында «Нархоз» университеті мен «Illinois Institute of Technology» жоғары оқу орны арасында қос диплом беру бойынша келісімге қол қойылды.
Енді қазақ жастары IT мамандықтары бойынша бакалавр дәрежесінде екі диплом алып шығады. Бағдарламаға сай студенттер төрт жылдық толық оқу циклін Қазақстанда «Нархоз» университетінде өтіп, оқу аяқталған соң қос диплом алады. Немесе «Illinois Institute of Technology»-де бір айдан бір жылға дейін білім алуына болады. Бұл жағдайда оқыту 3+1 форматында өтеді.
Жалғас Сәдібекұлы