Қазақстанда 115 млрд теңгеге доллар сатылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстанда 115 млрд теңгеге доллар сатылды

26.03.2021

Қазақстанда өткен айда 115 млрд теңгеге доллар сатылды. Ұлттық банктың мәліметінше, валюта айырбастау орындарында көк қағаздың саудасы бір жылда бірден 87%-ке өскен. АҚШ долларын сатып алуға әсіресе Алматы, Шымкент және Маңғыстау облысында сұраныс жоғары. Тұрғындар сонымен бірге 47,5 млрд теңгені рубльге, 21,4 млрд теңгені еуроға айырбастаған. Теңгені Ресей валютасына айырбастағандардың дені Павлодар мен Шығыс Қазақстан облысында тұрады.  Ұлттық валюта долларға шаққанда тағы әлсіреп, бір АҚШ ақшасы 424 теңгеден асты.

Ақерке Бектас


Хабарламаларға жазылу