Президент Әділет министрі Ерлан Сәрсембаевты қабылдады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Президент Әділет министрі Ерлан Сәрсембаевты қабылдады

20.01.2025

Сонымен қатар Президент таяуда ғана тағайындалған Әділет министрі Ерлан Сәрсембаевты қабылдады. Ол Мемлекет басшысына нормативтік актілер әзірлеу қызметінің сапасын арттыру, заң үстемдігін қамтамасыз ету және әділетті әрі қауіпсіз қоғам қалыптастыру бойынша атқарылып жатқан жұмыстар туралы мәлімет берді. Мемлекет басшысы құқықтық жүйені нығайту үдерісінде азаматтардың құқы мен мүддесіне ден қоюдың маңызын атап өтіп, бірқатар тапсырма берді.

 Ерлан Сәрсембаев ҚР Әділет министрі:

Ең бірінші кезекте ол еліміздің әрбір азаматының мүддесін қорғау үшін жұмыс істейтін құқықтық жүйе қалыптастыру. Оған қажетті норма, шығармашылық жұмыстардың сапасын арттыру. Заң үстемдігін қамтамасыз ету арқылы әділ әрі қауіпсіз қоғам құру бойынша жоспармен бөлістім.

Шерхан Жамбылұлы

Хабарламаларға жазылу