«Таза Қазақстан» акциясы Қостанай облысының бірнеше ауданында өтті
Бүгін «Таза Қазақстан» акциясы Қостанай облысының бірнеше ауданында өтті. Рудный қаласында құстарға жем салғыштар дайындалса, Жітіқара ауданында пластик қалдықтарды қайта өңдеуден шеберлік сағаттары ұйымдастырылды.
Ал Қостанай ауданының орталығы Тобыл қаласында ерікті жастар мен мемлекеттік қызметкерлер балабақша ауласын қардан тазартты. Осылайша мектепке дейінгі мекеме қызметкерлеріне көмек қолын созды. Жалпы «Таза Қазақстан» акциясы басталғалы Қостанай ауданында рұқсат етілмесе де қоқыс алаңына айаналған 80 орын жойылды. Іс-шараға 10 мыңнан аса адам тартылған. Барлығы 20 мың тоннадан аса қоқыс шығарылды.
Валентина Орлова, аудандық ішкі саясат бөлімінің бас маманы:
«Қарды бірге тазалайық» акциясын жұмада бастадық. Алғашқы нысан «Балбөбек» балабақшасы болды. 7 ойын алаңын тазаладық. Сөйтіп осы ұжымға өз көмегімізді тигіздік.
Дәуренбек Әбдібек
Автор
Дәуренбек Әбдібек
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Зеленский: Ел аумағына шетелдің мыңдаған жауынгері шоғырлануы мүмкін
05.09.2025, 20:24

«AFD»: Инвесторларға жол ашу
05.09.2025, 20:08
Президент мұнай-газ саласының қызметкерлерін кәсіби мерекесімен құттықтады
05.09.2025, 20:05
Мейіргерлер науқасты қабылдауға дайын ба?
05.09.2025, 20:00
БҚО-да газ өңдеу зауыты салынады
05.09.2025, 19:57
Президент Моңғолияның Ұлы Мемлекеттік Хуралының Төрағасымен кездесті
05.09.2025, 19:55
Мұнай өңдеу зауытының қуаттылығы екі есеге артады
05.09.2025, 19:51
Елордада 55 инвестициялық жоба іске асырылмақ
05.09.2025, 19:49