«Өлмейтұғын артына сөз қалдырған» Мұхтар Мағауин - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Өлмейтұғын артына сөз қалдырған» Мұхтар Мағауин

12.01.2025

Кеше АҚШ-тың Мэриленд штатында Мұхтар Мағауинмен қоштасу рәсімі өтті. Жаназа Америка Диянет орталығы мешітінде оқылды. Жазушы Вашингтон маңындағы Парклоун Мемориалының мұсылмандар зиратына жерленді.

Мұхтар Мағауин бес ғасыр бұрынғы қазақ поэзиясын әдебиет тарихына енгізген ғалым, «Аласапыран», «Көк мұнар», «Шақан-Шері», «Жармақ», «Тазының өлімі» - тағы басқа, оқырманды тәнті еткен шығармалар жазған шебер. Ол 2007 жылы Чехияға, 2015 жылы Америкаға барып тұрды.

Мағауин азаматтық позициясын ашық білдіріп жүретін. Елдегі қоғамдық-саяси мәселелерге, сонымен қатар болмысымызға байланысты пікірін ашық айтатын.

2011 жылы Жаңаөзен оқиғасы кезінде «Қан төгілді» деген атаумен мақала жариялап, «менің балаларым мен немерелерім – кеудесінде намысы бар ұлдарым мен қыздарым қызыл қанға боялып жатыр» деген.

Қайтыс болғанда әлеуметтік желілерде жұрт бір-біріне көңіл айтты. Мысалы, Қанат Тілеуханның жазбасынан үзінді:

«Иә, Мен Толстойдың өлімінен қорқамын деп еді Чехов.

«Әдебиетте Толстой барда әдебиетші болу оңай, ештеңе істемесең де қобалжымауға болады, себебі Толстой бәрі үшін жазады». Чеховтың осы сөзі ойға орала берді.

... Ұстазы Әуезов АҚШ-ты көрген тұңғыш қазақ жазушысы болу керек. Шәкірті АҚШ-та көз жұмған алғашқы қазақ жазушысы.

 «Мен Арыстан Мағауин! Мен қазақтың әкесіндей адаммын» дейтін. Сол мақтаны өзіне жарасатын!»

АҚШ-тағы меншікті тілші Жалғас Сәдібекұлы ақтық сапарға шығарып салғандардың арасында болды.


Хабарламаларға жазылу