Елімізде көлеңкелі экономиканың деңгейі 1,3 пайызға төмендеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елімізде көлеңкелі экономиканың деңгейі 1,3 пайызға төмендеді

08.01.2025

Елімізде көлеңкелі экономиканың деңгейі 1,3 пайызға төмендеді. Президенттің қабылдауында болған Қаржылық мониторинг агенттігінің төрағасы Жанат Элиманов осылай деді. Агенттік 1300-ден астам қылмыстық істі тергеп-тексеруді аяқтап, нәтижесінде 236,8 миллиард теңгенің залалын өтеген. Сонымен қатар 42 қаржы пирамидасы жойылып, алаяқтық схемаларды жарнамалайтын 15 мыңға жуық сайт пен аккаунт бұғатталды. Президентке ведомствоның алдағы міндеттері баяндалды. Кездесу соңында Мемлекет басшысы Агенттік қызметінің негізгі бағыттары бойынша бірқатар тапсырма берді.

Оңғар Алпысбай

Хабарламаларға жазылу