Елімізде коронавирусты жұқтыру деңгейі 30 пайызға төмендеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елімізде коронавирусты жұқтыру деңгейі 30 пайызға төмендеді

10.06.2021

Елімізде коронавирусты жұқтыру деңгейі бір аптада 30 пайызға төмендеді. Бұл туралы Үкімет отырысында Премьер-Министр Асқар Мамин мәлімдеді. Қазір 10 өңір жасыл, 6 облыс сары аймақта.

«Халықты жаппай вакциналау жұмыстары нәтижесін беріп жатыр. Қазақстан жасыл аймаққа өтті», - деді Үкімет басшысы.

Бүгінде 2,4 млн адам екпенің бірінші компонентін алған. 1,3 млн адам екі компонетті салдырды. Әлемдік рейтингте Қазақстан вирус жұқтыру бойынша 221 елдің арасында қазір 105-орында тұр. Адам өлімі бойынша 111-орында.  

Дарын Сағитов

Хабарламаларға жазылу