Ұшақ апатынан қаза тапқандардың тізімі жарияланды
Ақтаудағы ұшақ апатынан қаза тапқан азаматтардың аты-жөні белгілі болды. Әзербайжанның Денсаулық сақтау министрі опат болған 25 азаматының тізімін жариялады. Оның ішінде эпикаж мүшелері бар. Марқұмдардың ең жасы 19-да. Қаза тапқан 7 Ресей азаматының да есімі белгілі. Көрші ел қазір зардап шеккен өзге отандастарын еліне қайтарып жатыр. Опат болғандар арасында 6 Қазақстан азаматы бар. Олар – Сәндібек Төлесінов, Бауыржан Жұмағұлов, Галина Махсудова, Гаухар Шаймерденова, Эльдар Жұмағат және Салима Жутаева. Оның төртеуі – Маңғыстау облысының тұрғыны, біреуі – Қостанай облысының тумасы және елорданың тұрғыны. Жалпы бортта экипаж мүшесін қоса алғанда 67 адам болған. Бакуден Грозныйға бет алған ұшақ апатынан 38 адам бақилық болды.
Айя Мүтәлі
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
