Ақсу қаласына жылу толық берілді
Павлодар облысының Ақсу қаласындағы жылу қазандығынан шыққан ақау жөнделді. Қазір қалаға 60 градус температурада жылу беріліп тұр. Бүгін таңғы сағат алты жарым шамасында желілік сорғылар сөндіріліп, тұрғын үйлер мен әлеуметтік нысандарда жылу параметрлері төмендеді. Апаттық қызмет дереу іске кірісіп, үш сағатта ақауды жөндеді. Мектептер мен балабақшалар жұмысын тоқтатқан жоқ. Ақсу ферроқорытпа зауытының иелігіндегі жылу орталығындағы қазандықтың тозып тұрғаны 2013 жылы белгілі болған еді. Іле 11 млрд. теңге қаржыға жаңадан шағын жылу орталығы салынды. Алайда дайын нысанды іске қосу 6-шы жыл қатарынан шегеріліп келеді.
Болат Аманбаев
Автор
Болат Аманбаев
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Е.Қарин: Қазақстан саяси жаңғырудың үлгісін тағы да көрсетті
08.09.2025, 17:03

Президент бір палаталы Парламент құру бастамасын көтерді
08.09.2025, 17:00
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауы
08.09.2025, 15:30
Мұрат Нұртілеу өзінің ұсталғаны туралы ақпаратқа қатысты жауап берді
08.09.2025, 14:43
Дональд Трамп Қасым-Жомарт Тоқаевқа сәлем жолдады
08.09.2025, 14:40
Президент: Су ресурстарының бірыңғай цифрлық платформасын жасау керек
08.09.2025, 14:37
Қызылорда облысында жол саласы цифрлануға біртіндеп көшуде
08.09.2025, 14:34
Жетісу облысының ІІД қызметкерлері жолдауды тыңдады
08.09.2025, 14:30