Басты Жаңалықтар Тәуелсіздік күні қарсаңында полиция күшейтілген жұмыс режиміне көшті

Тәуелсіздік күні қарсаңында полиция күшейтілген жұмыс режиміне көшті

Бүгіннен бастап полицейлер күшейтілген жұмыс режиміне көшті. Бұл туралы Ішкі істер министрлігі хабарлады. Министрліктің мәліметінше, мақсат - Тәуелсіздік күні қарсаңында қоғамдық тәртіпті қадағалау және азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету. Сондықтан мереке тойланатын орындарда, халық көп жиналатын аумақтарда, сондай-ақ мемлекет қорғаудағы нысандарды күзететін құқық қорғаушылардың саны артқан. Оған қоса, бейнебақылау камераларының жұмысы да күшейтілген.

Нұрсұлтан Тілектес


Бөлісу