Қостанай облысында тозығы жеткен ауыл шаруашылығы техникасы әлі көп
Биыл ауыл шаруашылығы техникасының 6 пайыздан астамы жаңартылуы қажет. Ауыл шаруашылығы министрлігі осындай міндет қойған. Бірақ Қостанай облысы бұл көрсеткішке жете алмады. Ресми мәлімет бойынша биыл өңірде машина-трактор паркінің 5,5 пайызы ғана жаңарған.
Қолданыста әлі өткен ғасырдың орта шенінде шыққан техникалар бар. Бекітілген жоспарға сай, қазір 1949-1999 жылдар аралығында жасалған трактор, комбайндарды есептен шығару жұмыстары жүріп жатыр. Үш жылдың ішінде қолдағы техниканың барлығын түгендеп, тізіп шығу міндеті тұр.
Ибрагим Бекмұхмедов, облыстық Ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасының басшысы:
Біздің есебімізше пайдалану мерзімі өткен 12 мың 200 трактор, 2 мың 800 комбайнды ақпараттық жүйеден алынып тастау керек. Ол өз кезегінде жаңарту көрсеткішіне әсер етеді. Алайда 25 жылдан артық қолданыстағы техникалардың барлығын тіркеуден шығару мүмкін емес. Өйткені кейбірі әлі жарамды, иелері бірнеше жыл іске жаратуға мүдделі.
Дәуренбек Әбдібек
Автор
Дәуренбек Әбдібек
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Зеленский: Ел аумағына шетелдің мыңдаған жауынгері шоғырлануы мүмкін
05.09.2025, 20:24

«AFD»: Инвесторларға жол ашу
05.09.2025, 20:08
Президент мұнай-газ саласының қызметкерлерін кәсіби мерекесімен құттықтады
05.09.2025, 20:05
Мейіргерлер науқасты қабылдауға дайын ба?
05.09.2025, 20:00
БҚО-да газ өңдеу зауыты салынады
05.09.2025, 19:57
Президент Моңғолияның Ұлы Мемлекеттік Хуралының Төрағасымен кездесті
05.09.2025, 19:55
Мұнай өңдеу зауытының қуаттылығы екі есеге артады
05.09.2025, 19:51
Елордада 55 инвестициялық жоба іске асырылмақ
05.09.2025, 19:49