Ұлттық қауіпсіздік органдары 4 терактінің алдын алған - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ұлттық қауіпсіздік органдары 4 терактінің алдын алған

05.12.2024

Ұлттық қауіпсіздік органдары биыл 4 террористік актінің алдын алған. Президент қабылдауында болған Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы осылай деді. Ермек Сағымбаевтың мәлімдеуінше, лаңкестік қылмыс жасады деген күдікпен іздеуде жүрген 6 қазақстандық Сирия мен Түркиядан елге қайтарылды. Оның екеуі артынша сотталды. Терроризм мен экстремизмге қатысы бар 800-ден астам шетел азаматының Қазақстанға кіруіне тосқауыл қойылды. Сондай-ақ 19 ұйымдасқан қылмыстық топ әшкереленді. Ірі көлемдегі заңсыз қару-жарақ пен есірткі тәркіленді. Бұдан басқа сыбайлас жемқорлық әрекет жасағаны үшін 46 адам сотталған. Олардың мемлекетке 1,6 триллион теңге залал келтіруіне жол берілмеді. Сондай-ақ мемлекеттік шекарада құқық бұзған 55 мың адам ұсталды. Мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелеріне жасалған 552 миллионнан астам кибершабуылға тойтарыс берілді. Кездесу соңында Президент ұлттық қауіпсіздік орган қызметіне бірқатар тапсырма берді.

Айя Мүтәлі

Хабарламаларға жазылу