Маңғыстауда мұнай сервис компаниясының жұмысшылары мінген автобус апатқа ұшырады.
Оқиға «Қаражанбас – Қаратұрын» тас жолында болған. Қызметкерлерді Қаратұрын кен орнына апара жатқан көлік жолда жылқыны соғып, 4 адам зардап шекті. Оның бірі ауыр жарақатпен ауруханаға жеткізілген. Полиция департаментінің мәліметінше, оқиғаға қатысты сараптамалар тағайындалып, жылқының иесі іздестірілуде.
Аягөз Оралбайқызы