«Атадан - мұра». Бұл – 16 жастағы күйші, композитор Ғаламат Бейсеқожаның Президентке арнаған күйі. Бүгін тың туындының таныстырылымы өтті. 6 жасынан домбыраның қос ішегін меңгерген жас дарын алғашқы күйін 11 жасында шығарған. Бүгін қоржынында 30-ға жуық күй бар. Өзі небәрі 9-сынып оқушысы. Талай халықаралық байқауға қатысып, бас жүлделерді қанжығалаған. Тәуелсіздіктің 25 жылдығына арнап «Нұрлы жол» атты жеке шығармашылық кешін өткізген Ғаламат алдағы күзде Мәскеу қаласында өнерін көрсетпек.
Армангүл ТОҚТАМҰРАТ