«Жарқын бейне» Рақым Тәжібаевты еске алмақ - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Жарқын бейне» Рақым Тәжібаевты еске алмақ

07.02.2016
«Жарқын бейне» Рақым Тәжібаевты еске алмақ

Рақым Тәжібаев тарихи күйлерді беріле орындап, қазақ даласын мекен еткен халықтың мұң мен шерін екі шекті домбырамен шебер жеткізе білетін дарын еді. Сондай-ақ, ол қазақтың күйін сол қалпында атадан балаға мұра қылып қалдырған  күйші. Қазақ эстрада  студиясының ең алғашқы түлектерінің бірі.

Марқұм Құдайберген Сұлтанбаевтың  күйші турасында айтқан сөзі бар: «Рақым күй шерткенде қолының буындары ғана қимылдап отыратын, ондай күй шертетін адам жоқ, бұл туа біткен талант...».

Күйшілік өнермен қырық жылдан астам уақыт айналысқан  Рақым Тәжібаевтың 120-ға жуық күйі бар. Бүгін 13:25-те  «Жарқын бейне» күйшіні еске алмақ.

Хабарламаларға жазылу