Италиялық компания жасыл технология саласына инвестиция құймақшы - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Италиялық компания жасыл технология саласына инвестиция құймақшы

22.11.2024

Италиялық компания Қазақстанда полиэтилен, авиация отын өндірісіне инвестиция құюға мүдделі. Бұл жобалар жасыл технологияны дамытуда маңызы зор. Бүгін Үкімет басшысы кәсіпорын басшыларымен кездесті. Қазір Maire Tecnimont компаниясы елімізде әлемдік нарықта сұранысқа ие полимерлер сияқты маңызды өнімдерді шығаратын зауыт салып жатыр. Ал Ansaldo Energia кәсіпорны Алматыдағы жылу электр орталығы үшін екі газ турбинасын өндірмек. Осыған байланысты тараптар Қазақстандағы газ турбиналық қондырғылар үшін компоненттерді локализациялауға мүдделі.

Премьер-министр Олжас Бектенов қайта өңдеуге баса назар аудара отырып, экономика құрылымын әртараптандыруға және өзгертуге бағытталған ауқымды инфрақұрылымдық бастамалардың маңызын атап өтті. Сондай-ақ Үкіметтің шетелдік инвесторларға көмектесуге дайын екенін жеткізді.

Айя Мүтәлі


Хабарламаларға жазылу