«ЭКСПО» көрмесі салтанатты түрде ашылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«ЭКСПО» көрмесі салтанатты түрде ашылды

09.06.2017

Мемлекетіміздің мығымдығын, еліміздің еңсе­лілігін, ойымыздың тереңдігін, халқымыздың қонақжайлығын, жалпы айтқанда, ұлтымыздың ұлылығын көрсеткен тарихи сәт – «Астана «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесінің ашылу салтанатын күллі қазақ елі тамашалады. 

«ЭКСПО» көрмесі елімізге ірі инвестиция тартуға мүмкіндік береді. Шараны өткізу арқылы Қазақстан әлемдік «жасыл экономиканы» дамытуға жаңа технология мен инновацияны ілгерілетуге үлес қосады. Әлемнің 115 мемлекеті мен 22 жаһандық компания өз жәдігерлерін қойды. Ашылу салтанатына әлемнің 17 мемлекеті мен Үкіметінің басшылары мен Халықаралық ұйымдардың ықпалды тұлғалары келді. Оларды Президент Нұрсұлтан Назарбаев жеке-жеке қарсы алды. «ЭКСПО» алаңына алғаш болып Чехия президенті Милош Земан мінген көлік келді.

Хабарламаларға жазылу