Батыс Қазақстан облысында өрт шыққан үйде терезеден төменге секірген екі баланы тұрғындар құтқарып алды. Оқиға Бөрлі ауданы Ақсай қаласында көппәтерлі тұрғын үйдің төртінші қабатында болған. Өрт сөндірушілер екі бала секіргеннен кейін келген. Олар пәтерден балардың анасын - 43 жастағы әйел адамды алып шықты.
Қазір 4 және 8 жасар екі ұл бала мен әйел адам аудандық аурухананың жансақтау бөлімінде жатыр. Жағдайлары ауыр. Өртенген үйден тағы 12 адам эвакуацияланды. Өрттің себебі анықталуда.
Ардақ Мұратқызы