Ақкенттегі өрт: Үш адам ауруханада жатыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ақкенттегі өрт: Үш адам ауруханада жатыр

07.08.2023

Алматыдағы «Ақкент» тұрғын үй кешеніндегі өрттен зардап шеккен 42 адамның 3-еуі, бір аптадан бері әлі ауруханада жатыр. Оның екеуі бірнеше жері сынған ересек адам болса, тағы біреуі улы газға қатты тұншыққан бала. Дәрігерлер қазір олардың беті бері қарағанын мәлімдеді.

Ләйлә Иманғалиева, қалалық қоғамдық Денсаулық сақтау басқармасының бөлім басшысы:

Бөлімшеде жатқан екі ересек адамның жағдайы орташа ауырлықта, тұрақты. Балалардың жағдайы да тұрақты.

Ал өрт сөндіруші мамандар үй-үйді аралап, тұрғындарға қауіпсіздік шараларын түсіндіруге кірісті. Дәл бүгін олар қаладағы биіктігі 28 метрден асатын 100-ден астам тұрғын үй кешенінің халқымен кездесіп, апатты жағдайда қалай қауіпсіз жерге жылдам шығуға болатынын айтты.

Естеріңізге сала кетейік, 1-тамыз күні Алматыда 16 қабатты үйден өрт шығып, жұрт жаппай сыртқа шығуға жан таласқан еді. Қою қара түтін үйдің дәлізінен шыққандықтан, кейбір тұрғындар баспалдақпен төменге түсе алмай, терезеден секірген. Осының салдарынан бір адам алған жарақатынан көз жұмды. Алдын ала болжам бойынша өрт кабель шахтасынан тұтануы мүмкін.

Әйгерім Ердәулет 

Хабарламаларға жазылу