Президент Украинадағы жағдайдың ушығуына байланысты тапсырма берді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Президент Украинадағы жағдайдың ушығуына байланысты тапсырма берді

22.11.2024

Президент Украина төңірегіндегі жағдайдың ушығуына байланысты тапсырма берді.

Бұл туралы мемлекет басшысының кеңесшісі-баспасөз хатшысы Берік Уәли әлеуметтік желідегі парақшасында хабарлады.

«Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Премьер-Министрге, Президент Әкімшілігінің Басшысына және күштік құрылымдардың жетекшілері мен барлық әкімдерге Украина төңірегіндегі жағдайдың ушығуына байланысты негізгі әскери және азаматтық нысандардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөнінде шұғыл шаралар қабылдауды тапсырды. Парламент палаталарының төрағалары қабылданып жатқан іс-қимыл туралы хабардар етілді. Президент еліміздегі жағдайды өз бақылауында ұстап отыр» деп жазды.

Динара Жарқынбек

Хабарламаларға жазылу