Доллар құны бүгін де сәл түсті. АҚШ валютасының ресми бағамы 495 теңге. Ұлттық банк төрағасының орынбасары Виталий Тутушкин доллар бағамына аса мән берудің қажеті жоқ дейді. Өйткені АҚШ валютасы біздің елде ғана емес бүкіләлемде нығайып келеді. Ал теңгеміз тұрақты. Оны еуроға шаққандағы теңгерімнен-ақ байқауымызға болады деп отыр. Ақша айырбастайтын орындардағы валюта бағамын көріп байбалам салуға негіз жоқ. Бұл жәй ғана сан. Өйткен ақша айырбастайтын орындар сол арқылы пайда тауып отыр деді.