Қара алтын қымбаттады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қара алтын қымбаттады

03.03.2022

Мұнай тағы қымбаттай түсті. Бренттің баррелі бүгін 116 доллардан асты. Соңғы рет мұндай баға 2013 жылы тамызда болған. Содан бері сан құбылған қара алтын құны Украина мен Ресей арасындағы қақтығысқа байланысты қымбаттап келеді. Қазір инвесторлар мұнай тасымалы қиындап, тапшылық бола ма деп алаңдап отыр. Содан сұраныс артып, баға көтерілді. Тіпті кейбір инвестициялық компаниялар жазға қарай брент маркасының баррелі 130 долларға жетуі мүмкін деген болжам жасап отыр.

Ал ұлттық валютамыз әлі құбылып тұр. Бүгін таңғы сессияда долларға шаққанда үш теңгедей нығайған еді. Бірақ түстен кейін қайта екі теңгеге арзандады. Биржадағы саудаға сай қазір доллар 492, еуро 542 теңге 50 тиын, ал рубль сәл арзандады. Қазір 5 теңгеге тең.

Досжан Маратұлы

Хабарламаларға жазылу