Ұлттық банк: Теңге бағамы геосаяси ахуалға байланысты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ұлттық банк: Теңге бағамы геосаяси ахуалға байланысты

01.11.2022

Өткен айда теңге сәл нығая түсті. Ұлттық банктің хабарлауынша бағамды құлдыратпай ұстап тұру үшін интервенция жасалмаған. Төл ақшамыз керісінше 2 пайызға нығайды. Ұлттық банктің болжамына сәйкес, теңгенің алда қалай құбылатыны геосаяси ахуал мен әлемдік нарықтағы жағдайға байланысты болмақ.

Валюта бағамына тоқталайық. Бүгін қор биржасындағы саудада доллар екі теңгеге нығая түсті. Қазір АҚШ валютасы 465 теңге 80 тиын. Ал еуро 467, рубль 7 теңге 50 тиын.

Досжан Маратұлы


Хабарламаларға жазылу