Еліміздің басым бөлігінде жауын-шашын болады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Еліміздің басым бөлігінде жауын-шашын болады

21.11.2024

Елорданың коммуналдық қызметі күшейтілген режимге көшті. Бүгін сулы қар жауып, жел тұрды. Қазгидрометтің болжамынша, мұндай құбылмалы ауа райы еліміздің басым бөлігінде апта соңына дейін сақталады. Яғни, 23 қарашаға дейін бірқатар өңірде жауын-шашын болады. Оған солтүстік - батыс цинклонының шығыс бағытында жылжуы себеп. Тиісінше, ел бойынша қар аралас жаңбыр жауып, көктайғақ болуы ықтимал. Республиканың солтүстік бөлігінде бұрқасын соғады деп болжанып отыр. Синоптиктер алдағы 2 күнде ел аумағында қалың тұман түсіп, екіпінді жел соғады деп болжам жасады.

Нұрсұлтан Тілектес

Хабарламаларға жазылу