Бүгін елдің басым бөлігінде жауын-шашын болады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бүгін елдің басым бөлігінде жауын-шашын болады

27.05.2016
Бүгін елдің басым бөлігінде жауын-шашын болады

27 мамырда Қазақстан аймақтарының басым бөлігінде атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуіне байланысты кей жерде жауын-шашын, найзағай болады, тек республиканың батысында жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Кей жерде желдің күшеюі күтіледі, деп хабарлады ҚР ІІМ ТЖК.

Маңғыстау, түнде Атырау облыстарының кей жерінде тұман күтіледі, найзағай болады. Алматы облысының кей жерінде күндіз найзағай ойнауы мүмкін. Қостанай облысының кей жерінде  жел 15-20 м/с  күшейеді.

Солтүстік Қазақстан облысының кей жерінде тұман, найзағай, желдің күшеюі 15-20 м/с күтіледі. Ақмола, Павлодар, Қарағанды, күндіз Шығыс Қазақстан, Жамбыл облыстарының кей жерінде найзағай күтіледі, жел 15-20 м/с күшеюі ықтимал.

Хабарламаларға жазылу