Бұрынғы Әділет министрі Марат Бекетаев Жоғары аудиторлық палатаның тексерісінен кейін ұсталған. Бұл туралы палата төрағасы Әлихан Смайылов айтты. Ведомство мен оған қарасты мекемелерге былтыр тексеру жүргізілген. Аудит нәтижесі «Антикорға» жолданып, содан кейін министрліктің лауазымды тұлғалары ұсталған. Дегенмен Әлихан Смайылов «Экс шенеуніктің тұтқындалуына не себеп болғанын білмеймін» деді. Еске сала кетейік, Марат Бекетаев жеке компанияның мүддесін қорғап, мемлекетке ірі көлемде залал келтірді деген күдікке ілініп, 2023 жылдың күзінде ұсталған. Ол Қазақстаннан қашпақ болған жерінен қолға түскен. «Антикор» қазір экс-министр қылмыстық іс материалдарымен танысып жатқанын хабарлады. Қамауда ұстау мерзімі 21 желтоқсанға дейін ұзартылған.
Асылбек Данияр