АҚШ-та Иранмен байланысты 36 сайт бұғатталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

АҚШ-та Иранмен байланысты 36 сайт бұғатталды

23.06.2021

АҚШ-тың Әділет министрлігі Иранмен байланысы бар 36 сайтты анықтап, олардың жұмысын тоқтатты. Саиттардың көпшілігі бұрмаланған ақпарат таратумен айналысқан. Енді бірі зорлық-зомбылыққа қатысты ұйымдарға қызмет еткен. Дәлірек айтсақ, 33 сайт Иранның Исламдық Радио және Телевизия одағына қарасты ресурстар. Ал, қалғандары Құрама Штаттар Ирак пен Йеменде террористік топтар қатарына қосқан ираншыл қарулы ұйымдарға тиесілі. Дегенмен, сайттар түбегейлі жабылды деуге келмейді. «Рейтер» агенттігінің хабарлауынша, бұл порталдардың кейбірі бұғатталғаннан кейін іле-шала жаңа домейнмен қайта жұмыс істей бастады.

Арыстан Рысбек

Хабарламаларға жазылу