Елімізде электромобильдердің саны 2 есеге көбейген - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елімізде электромобильдердің саны 2 есеге көбейген

16.11.2024

Елімізде бір жылдың ішінде токпен жүретін көлік саны шамамен 2 есеге көбейген. Ұлттық статистика бюросының ақпаратынша, қыркүйек айына дейін 11 мыңнан астам электромобиль тіркелген. Бұл республикадағы автомобильдердің жалпы санының 0,2%-ын құрайды.

Соңғы мәлімет бойынша, Қазақстанда тіркелген көліктердің саны 5,6 миллионға жетті. Оның 88 пайызы жеңіл көліктер. Газбен жүретін көліктердің үлесі 0,3 пайызды құрайды. Олардың саны бір жыл ішінде 3200-ге өскен. Автокөліктердің 81,9%-ы бензинді, 7,4%-ы аралас отынды, 7,1%-ы дизельдік отынды пайдаланады.

Асылбек Данияр

Хабарламаларға жазылу