Елімізде соңғы 5 жылда алимент төлеушілердің саны 2 есеге көбейген - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елімізде соңғы 5 жылда алимент төлеушілердің саны 2 есеге көбейген

19.03.2019

Бұл - қаншама баланың құқығы қорғалмай жүр деген сөз. «Aruana» Қазақстан әйелдері құрылтайы өкілдерінің айтуынша, алимент төлеуден жалтаратындардың 97 пайызы - әкелер. Осы себепті балаларға қарайтын аналар қаржылық қиындықтардан көз ашпай келеді. Сондықтан елімізде бірінші рет «Aruana» Қазақстан әйелдерінің құрылтайы жұмысын бастады. Олар ең әуелі ана мен баланың құқығын қорғамақшы.

Сондай-ақ, көпбалалы аналарға әлеуметтік көмек көрсетуді де көздеп отыр. Бұдан басқа, мүмкіндігі шектеулі бала тәрбиелеп, әлеуметтік көмектен құр қалған аналардың да мәселесіне назар аударылады. «Сондықтан ашық қоғам құрып, аналардың әлеуетін көтеруге септігін тигізетін құрылтайдың жұмысын жандандыру қажет»,-дейді жиналғандар.

Гаухар Танашева, «Қазақстан балалары» жастарды дамыту жөніндегі қайырымдылық қорының президенті:

- Жұмыстарымыздың ең басты бағыты - балаларға, аналарға көмектесу.

Алмат ӘБДІРАМАН

Хабарламаларға жазылу