Елімізде кітапханадағы оқырмандар саны көбейген - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елімізде кітапханадағы оқырмандар саны көбейген

23.04.2024

Елімізде кітапқұмарлардың қатары көбейіп келеді. Ұлттық академиялық кітапхана мамандарының ақпаратынша, көпшілік кітапханаларда оқырмандар саны 2022 жылы 4 миллион 900 мыңнан асса 2023 жылы тағы 200 мыңға көбейген. Өсім 2,7 процентті құрап отыр. Оқырмандардың 1 миллион 680 мыңы бала. Статистика бойынша кітапханаға келушілердің қатары 2 миллионға артқан. Сондай-ақ, елімізде кітапхана саны көбейіп жатыр. 2022 жылы – 3917 болса, былтыр 4 мыңға таяған. Жалпы кітап қоры – 73 миллионға жуық. Еліміздегі кітапханаларда 9502 адам жұмыс істейді. Кітапханашылардың орташа жалақысы – 164 мың теңге. Ең жоғарғы жалақы – 269 мың теңге.

Асылбек Данияр

Хабарламаларға жазылу