Қарағанды қаласының іргесіндегі «Алматы – Екатеринбург» тас жолының бойында жол апаты болып, жүргізуші мен 7 жолаушы қаза тапты. Жолаушылардың екеуі бала. Тағы бір 12 жастағы бала ауруханаға түсті. Жағдайы орташа ауыр. Сол иығының сүйегі сынып, маңдайы жарақаттанған. Алдын ала болжам бойынша «Тойота Альфард» жүргізушісі көлік тізгініне ие бола алмай, жолдан шығып кеткен. Полиция бұл дерек бойынша қылмыстық іс қозғады.
Жасқайрат Қайыров, Қарағанды облысы ПД бастығының міндетін атқарушы:
54 жастағы жүргізуші көліктің басқаруына ие бола алмай қалған. «Тойота Альфард» көлігі аударылып, өкінішке орай 6 адам қаза тапты. Жүргізушілер жол ережесін қатаң сақтап, жылдамдықты шектен тыс асырмауын сұраймыз.
Жандос Бақытұлы