Қазақстанның ICAO ұйымы стандарттарына сәйкестігі 82 % жетті
Мемлекет басшысының Бакуге сапары барысында ICAO кеңесінің президенті Сальваторе Шаккитаноны қабылдады. Қазақстан мен халықаралық авиация ұйымымының ынтымақтастық орнатқанына 30 жыл. Осы уақыт ішінде еліміздің ұйым стандарттарына сәйкестігі 82 пайызға жетті.
Бұл дамыған Еуропа елдерімен тең деңгейдегі көрсеткіш. Президент әуежайларды жаңғырту, әуе кемелер паркін ұлғайту және «ашық аспан» режимін енгізу арқылы, ұшу географиясы айтарлықтай кеңейгеніне тоқталды. Ал ICAO кеңесінің президенті Қазақстанмен серіктестікті одан әрі нығайтуға барынша қолдау көрсететінін жеткізді. Сондай-ақ еліміздің азаматтық авиация саласындағы табыстарын жоғары бағалап, келесі жылы Астанаға сапармен келуді жоспарлап отырғанын айтты.
Нұрсұлтан Тілектес
Автор
Нұрсұлтан Тілектес
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
«Әмеңгер» фильмі көрерменге жол тартты
18.09.2025, 22:29

Қазақстанда жасанды интеллект министрлігі құрылады
18.09.2025, 22:18
Президент Туризм және спорт министрін қабылдады
18.09.2025, 22:14
Hyundai көліктеріне төмен пайыздағы несие ұсынылады
18.09.2025, 21:38
Суперкомпьютер – жасанды интеллекттің қозғаушы күші
18.09.2025, 20:17
Ресей православ шіркеуінің басшысы Қасиетті Успен кафедралдық соборында молебен өткізді
18.09.2025, 20:09
Қазақстан бүкіл әлемге үндеу жасады
18.09.2025, 20:07
Мемлекет басшысы Шахмұрат Мүтәліпті қабылдады
18.09.2025, 20:05