Астанада «Ауыл ойындары-2024» турнирі өтіп жатыр
Ептілер қолына асық алып, балуандар бозкілемде белдесті. Мықтылар арқан тартысып, мергендер садақ атты. Ал шапшаңдар ләңгі тебуден мықтыны анықтап жатыр. Астанада Ауыл партиясының ұйымдастыруымен «Ауыл ойындары» турнирі өтіп жатыр.
Оған 11 жоғары оқу орнының студенттері қатысып, бағын сынауда. Өйткені дәстүрлі жарыстың жүлдегерлері бағалы сыйлықтарға ие болады. Депутаттардың айтуынша, сайысты ұйымдластырудағы мақсат ұлттық спортты насихаттай отырып, жастарды салауатты өмір салтына үгіттеу. Өйткені дені сау ұлт – жарқын болашақ кепілі. Айта кету керек турнир екі күнге жалғасып, жеңімпаздар 10 қараша күні анықталады.
Жигули Дайрабаев, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:
Біз бұл шараны келесі жылдан бастап республикалық деңгейге шығарып, ауыл ойындарын дамытсақ па деген ой бар. Бүгін 11 жоғары оқу орнынан 200-ге жуық спортшы қатысып отыр. 7 жарыс түрі болады. Біз бұл ауылды дамыту үшін, ауыл спортын, ауыл мәдениетін дамыту біздің «Ауыл» партиясының негізгі мақсатының бірі.
Нұрсұлтан Тілектес
Автор
Нұрсұлтан Тілектес
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
«Әмеңгер» фильмі көрерменге жол тартты
18.09.2025, 22:29

Қазақстанда жасанды интеллект министрлігі құрылады
18.09.2025, 22:18
Президент Туризм және спорт министрін қабылдады
18.09.2025, 22:14
Hyundai көліктеріне төмен пайыздағы несие ұсынылады
18.09.2025, 21:38
Суперкомпьютер – жасанды интеллекттің қозғаушы күші
18.09.2025, 20:17
Ресей православ шіркеуінің басшысы Қасиетті Успен кафедралдық соборында молебен өткізді
18.09.2025, 20:09
Қазақстан бүкіл әлемге үндеу жасады
18.09.2025, 20:07
Мемлекет басшысы Шахмұрат Мүтәліпті қабылдады
18.09.2025, 20:05