Рудный қаласында жылу құбыры бір түнде екі рет жарылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Рудный қаласында жылу құбыры бір түнде екі рет жарылды

08.11.2024

Рудный қаласында түнде құбыр жарылып, жеке сектордағы 198 үй жылусыз қалды. Апат сағат екілер шамасында болған. Коммуналдық қызметкерлер ақауды жөндеп, 8:30-да жылу берілді.

Бірақ таңғы 6 шамасында екінші рет қаланың басқа бөлігіндегі құбырдан ақау шықты. Салдарынан 27 үй жылудан ажыратылды. Арада алты сағат өткенде апат салдары жойылып, жылу беріле бастады.

Осылайша қыс басталмай жатып шағын шаһардың тұрғындары әбігерге түсті. Соңғы екі жылда 16 млрд теңгеден астам қаржы бөлініп, 40 шақырымға жуық желі жаңартылған. «Ақау желінің әлі жөнделіп үлгермеген ескі бөліктерінен шығып жатыр», - дейді жауапты мамандар.

Жарақат алған жұмысшы қайтыс болды

Ал екі күн бұрын Амангелді ауданында жылу қазандығы жарылып, бір адам зардап шеккенін айтқан едік. Санавиациямен облыстық ауруханаға жеткізілген 55 жастағы ер адам бүгін жан тапсырды.

Дәуренбек Әбдібек 

Хабарламаларға жазылу