Германия канцлері Олаф Шольц қаржы министрін орнынан алып тастады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Германия канцлері Олаф Шольц қаржы министрін орнынан алып тастады

07.11.2024

Германия канцлері Олаф Шольц қаржы министрі Кристиан Линднерді орнынан алып тастады. Қызметінен кеткен министр - басқарушы коалицияның құрамындағы Еркін демократиялық партия лидері. Бұған жауап ретінде аталған партия үкіметтегі министрлерін кері шақырды. Бұл олардың коалициядан шыққанын білдіреді.

Енді Германияда мерзімінен бұрын сайлау өтуі ықтимал. Үкіметтегі келіспеушілік бюджет мәселесінде, дәлірек айтқанда дефицитті жаба алмағандықтан туындаған. Шольц "Линднер сенімді ақтаған жоқ, үкімет жұмысы бұлайша жалғаса алмайды",- деп мәлімдеді. Ал қызметінен аластатылған қаржы министрі болса, коалицияның ажырауына канцлердің экономикалық шешімдерін айыптап отыр.

Арай Төлеген

Хабарламаларға жазылу