Мемлекет басшысы ГФР Федералдық канцлері Олаф Шольцпен телефон арқылы сөйлесті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мемлекет басшысы ГФР Федералдық канцлері Олаф Шольцпен телефон арқылы сөйлесті

29.05.2024

Қазақстан Президенті Германия Федеративтік Республикасының Федералдық канцлері Олаф Шольцпен телефон арқылы сөйлесті. Тараптар сауда-экономикалық ықпалдастық қарқыны жоғары екеніне ерекше назар аударып, іскерлік байланыстарды нығайтуға және бірлескен инвестициялық жобаларды іске асыруға өзара қызығушылық танытты. Сонымен қатар, Қасым-Жомарт Тоқаев пен Олаф Шольц өңірлік және жаһандық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер жөнінде пікір алмасып, екі елдің халықаралық аренадағы күш-жігерін үйлестірудің маңыздылығына назар аударды. Осы орайда тараптар алдағы уақытта Астанада «Орталық Азия – Германия» форматында өтетін жоғары деңгейдегі кездесудің мәні зор екенін атап өтті.

Жандос Темірғали


Хабарламаларға жазылу