Сарапшы: Қазақстан мен АҚШ қарым-қатынасында өзгеріс болмайды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Сарапшы: Қазақстан мен АҚШ қарым-қатынасында өзгеріс болмайды

06.11.2024

Дональд Трамптың билікке келгенімен Қазақстан мен АҚШ арасындағы қарым-қатынаста айтарлықтай өзгеріс болмайды. Отандық сарапшы екі елдің арасындағы саясатты осылай болжап отыр.

Ерболат Сейлеханов, ҚР Президенті жанындағы ҚСЗИ бас ғылыми қызметкері:

Меніңше, жағдай өзгере қоймас. Трамп әлі күнге дейінгі изоляционизм саясатын ұстанады. Сондықтан мен Қазақстан мен Америка Құрама Штаттарының арасындағы қарым-қатынаста аса бір өзгеріс болмайды деп ойлаймын. Трамп Қытайдан келетін тауарларға 60 пайыз мөлшерінде кедендік тариф орнатуды жоспарлап отыр. Себебі қазір АҚШ пен Қытай арасындағы саудада дисбаланс байқалады. Сондықтан Вашингтон бұл дисбалансты өз пайдасына азайтпақшы. Бұл халықаралық саудаға кері әсерін тигізетіні анық. Алайда Қазақстанның басқа елдермен саудасын есептей тұра, бұл елге қатты әсер ете қоймас. 

Темірлан Нұрсолтанов


Хабарламаларға жазылу