Қытай мен АҚШ қарым-қатынасты тұрақтандыруға келісті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қытай мен АҚШ қарым-қатынасты тұрақтандыруға келісті

20.06.2023

Қытай мен АҚШ өзара шиеленіскен бәсекелестікті соғыс жағдайына жеткізбей тұрақтандыруға әзір. Мұны Бейжіңде өткен кездесуде президент Си Цзиньпин мен Құрама Штаттардың мемлекеттік хатшысы Энтони Блинкен мәлімдеді.
Айта кетсек, АҚШ пен Қытай бірқатар мәселелер бойынша келісе алмай келеді. Яғни Тайвань төңірегіндегі дау, сауда-саттық, чип индустриясы мен Ресейдің Украинаға шабуылына қатысты проблемалар бар.


Арыстан Рысбек

Хабарламаларға жазылу